Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық заңдарға Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтату туралы түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды», делінген жарлықта.