• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Ақпан, 2022

Үкімет «Атамекен» ҰКП функционалдық сараптама жүргізуді ұсынды

241 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына функционалдық сараптама жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, оның шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында функционалдық сараптама жүргізу ұсынылады», деп атап өтті Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар ол кәсіпкерлікті және бәсекелестікті одан ары дамыту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдау әрі дамыту бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру көзделіп отырғандығын баса айтты.