• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Президент 08 Ақпан, 2022

Мемлекет басшысы майнингке салынатын салықты көбейтуді тапсырды

238 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев майнингке салынатын салықты арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барлық майнинг фермаларды анықтау, салық және кеден мәселелерін тексеру қажет. Алынған техникалық шарттарды, сондай-ақ олардың қызметінің басқа да қырларын мұқият зерделеу керек. 15 наурызға дейін есеп берулеріңізді сұраймын», деді Президент.

Оның айтуына қарағанда, мемлекет жұмысын бүкпесіз ашық жүргізетін майнингке қарсы емес.

«Бұл салада жұмыс істегісі келетіндердің лицензиясы болуы қажет. Электр энергиясын ақылға қонымды тариф бойынша алып, кірісін декларациялауы және салық төлеуі, «жасыл» энергетика жобаларын іске қосуы тиіс. Майнинг салықтарын біз де арттырамыз. Қазіргі қуаттың әр киловатына 1 теңге деген мөлшерлеме өте мардымсыз. Үкіметке аталған салықты еселеп, әрі қысқа мерзімде арттыруды тапсырамын», деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Цифрлық майнингті реттеу мен дамыту жөніндегі шешімдердің толыққанды пакетін әзірлеуді тапсырды.

«Үкімет цифрлық майнингті реттеу мен дамыту бойынша толыққанды шешімдер пакетін әзірлеуі керек. Нәтижені 1 сәуірге дейін күтемін», деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.