Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 13%-ға, 38 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы жылдың қаңтар айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,2 мың теңгені құрады — бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,7%-ға көп. 2018 жылмен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 47,4%-ға, 2013 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсті.
Анықтама үшін: 2021 жылы қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейі жылына 12,7%-ға өскен кезде 33,9 мың теңгені құрады. Өңірлік бөліністе ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары шамасы Маңғыстау облысында: 41,9 мың теңге — бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,8%-ға артық.
Одан кейін елорда (41,2 мың теңге) және Алматы (39,9 мың теңге) тұр. ТОП-5 құрамына Алматы (39,5 мың тг) және Ақмола (38,6 мың тг) облыстары кірген. Ең төменгі күнкөріс деңгейі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.
Ер адамдардың ең төменгі күнкөріс деңгейі барлық жас санатындағы әйелдердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен едәуір жоғары.