• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 08 Ақпан, 2022

Еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

181 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 9 ақпан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде шығыста екпіні 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болжанады.

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман басады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік аумақтарда желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман болады.

Алматы облысында: Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауында кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Талас Алатауында түнде және таңертең тұман болжанады. Батыс Алтайында кей жерлерде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман болады. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман басады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.