Кәсіпкерліктегі жарғылық капитал үлесінің иелері egov.kz электронды үкімет порталында өз үлесін сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігіне ие болды.
Жаңа «Жарғылық капитал үлесін сенімгерлік басқаруға беру» қызметін egov.kz порталында онлайн алу Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы жүзеге асырылды.
Аталған қызмет заңды және жеке тұлғаларға қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен құрылтайшының (жеке тұлғаның) жарғылық капиталдағы үлестерін сенімгерлік басқаруға беру, үлесті басқаруға беру мерзімін өзгерту және сенімгерлік басқаруға беруді қайтарып алу мүмкіндігі бар.
Жаңа «Жарғылық капитал үлесін сенімгерлік басқаруға беру» қызметін пайдалану үшін «электронды үкімет» порталына өту қажет. Содан соң пайдаланушы порталда авторизациядан өтеді; қызметке онлайн тапсырыс беруді бастайды; ішкі қызметті таңдайды; міндетті жолдарды толтырады; автоматты тексерулерден өтеді; құжаттарды тіркейді (таңдаған ішкі қызметке сәйкес); өтінімге электронды цифрлы қолтаңба арқылы қол қояды; өтінімді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жібереді.
Қызмет көрсету мерзімі тіркеушінің қатысуымен eGov.kz порталында өтініш берілген күннен кейінгі үш жұмыс күннен аспайды.
«Жаңа қызметтің ыңғайлылығы – үйден шықпай-ақ заңды тұлғаның үлесін онлайн басқаруға беруге болатыны. Біз мемлекеттік органмен бірлесіп қызмет алу уақытын қысқарту аясында жұмыс істеп жатырмыз. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде цифрлы трансформация азаматтар үшін де, кәсіп үшін де көптеген бизнес-процестерді жеңілдетеді және жақсартады», деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Қызмет көрсету нәтижесі – қызмет көрсету туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады.
Айта кеткен жөн, мемлекеттік қызметтер тізімінде 700-ге жуық қызмет пен сервис қолжетімді, оның ішінде 2021 жылы egov.kz электронды үкімет порталында 92 %-ы автоматтандырылды. Egov.kz порталының көмегімен азаматтарға шамамен 50 млн қызмет көрсетілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6 млн-ға көп. Сондай-ақ авто және жеке кәсіпкерлікті қайта тіркеу, бала туу бойынша жәрдемақыға өтініш беру және т.б. мемлекеттік қызметтер екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына енгізілді, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы.