• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Ақпан, 2022

Қазақстан – төртінші орында

261 рет
көрсетілді

Футзалдан Нидерландта өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалдан аса алмағанына қарамастан, УЕФА рейтингіндегі өз орнын сақтап қалды.

Бұл күндері 2367,187 ұпайды еншілеп отырған жерлестеріміз қарт құрлықтың ең үздік командалар тізімінде төртінші орынға нық тұрақтады. Сөз жоқ, бұл – өте жақсы-ақ көрсеткіш. Осы жолы бағы­мыз жанбағанымен, алдағы жарыстарда біздің жігіттер шеберліктің шынайы үлгі­сін көрсетіп, мықтылар санатынан көрі­неді деп үміттенеміз. Ал көш басына Пор­тугалия құрамасы көтерілді. Әрине, оған еш таңдануға болмайды. Атап айтсақ, былтыр әлем чемпионы атанды. Соңғы екі Еуропа чемпионатында Пиреней түбегі түлектеріне тең келер команда табылмады. Португалиялықтардың еншісінде 2693,758 ұпай бар. Екінші орында – Ресей. Олар құрлықтың соңғы бес біріншілігінде жүл­дегерлер қатарынан көрініп, төрт рет финалда ойнады. Үшінші орынға 2488,909 ұпайға иелік еткен Испания футзалшылары жайғасты. Әлемнің екі және Еуропаның жеті дүркін чемпионы деген атағы бар даңқты команда Нидерландтағы жарыста қола медальды қанағат тұтты.