• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Ақпан, 2022

KEGOC АҚ қызметкерлердің жалақысын көтерді

277 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалау мәселелері бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатындағы іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру аясында  KEGOC АҚ-да қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға қатысты бірқатар мәселені шешті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Компанияда биылғы ақпаннан бастап қызметкерлердің еңбекақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін, атап айтқанда өндірістік персонал үшін орташа алғанда 25%-ға, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мамандар үшін орташа алғанда 18%-ға өсіру туралы шешім қабылданды.    

Бұл ретте топ-менеджменттің және орталық аппараттың орта буын басшыларының жалақылары көтерілмейді.

Сонымен қатар тоқсандық сыйақы мөлшері де өсті, соның есебінен жылдық жиынтық табыс 2022 жылы жұмысшы персонал үшін 28%-48%-ға, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мамандар үшін  15%-36%-ға және орта буын басшылары үшін 10%-15%-ға өседі.

Компания өз қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше мән береді және осы бағытта қабылданған жүйелі шаралардың арқасында 10 жыл ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ портфелдік компаниялары арасында әлеуметтік тұрақтылық көрсеткіштері бойынша көш бастап келеді.