Алматы облысының бірнеше ауданында сот алқасы төрағасы мен судьялар ауысты. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасы төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Президенттің 2022 жылдың 31 қаңтардағы №799 Жарлығымен:
- Алматы облысы Кеген аудандық сотының төрағасы лауазымына Құрманбаева Салтанат Қожахметқызы;
- Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының судьясы лауазымына Қойшыбаев Нұрсұлтан Мейірбекұлы.
- Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымына Шойбеков Азамат Жүсіпұлы.
- Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы лауазымына Тұранова Бақыт Қалмаханбетқызы тағайындалды.
Ал, Абділхади Жібек Абділхадиқызы Алматы облысы Кербұлақ ауданы №2 аудандық сотының судьясы лауазымынан өз өтініші бойынша босатылды.