• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Ақпан, 2022

Трансферттер көздеген нысанына жетуі шарт

246 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмаларының бірі өңірлерге бөлінетін қаражаттың теңгерімсіздігіне байланысты болды. Осыған сәйкес біздің комитетте арнайы жұмыс тобы құрылды, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіліп, сараптама жасалуда.

Басты мақсат – әрбір өңірдегі негіз­гі әрі ең өзекті деген мәселе­лер­ге қаржы жетуі керек. Сенат қа­быр­­ғасындағы депутаттар да өңір­лерден сайланған, әрбір ай­мақ­­тың мән-жайын, жағдайын, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсы біледі. Сондықтан біздің жұмыс тобымыз өте жоғарғы дең­гейде қызмет етуде.

Негізгі мақсатымыз рес­пуб­ли­калық бюджеттен бөлінетін трансферттердің көздеген нысанына жетуі болып отыр. Бұл – негізгі сипаттағы трансферт, одан кейін мақсатты трансферттердің өңірлерге бөлінетін көлемі де аса маңызды мәселе қатарында.

Мысалы, әр өңірдің әртүрлі проблемалары бар. Атырау өңі­рін­де ауыз суға, экологияға және жол­ға қатысты мәселелер бар. Батыс Қазақстан облысында электр энер­гиясына қатысты түйткілдер байқалады. Оңтүстік өңірлерде халық санының өсуі­не байланысты мектептердің құрылысына қажетті қаражат керек. Біз осы қаржының тиісті өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге жұмсалуын қадағалау үшін жергілікті атқарушы органдармен, министрліктермен бірлесіп жұмыс тобын құрдық және олармен жұмыс істеп жатырмыз.

 

Серікбай ТРҰМОВ,

Сенат депутаты