• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Ақпан, 2022

Фуджейрода 15 жүлде алды

203 рет
көрсетілді

Таэквондодан Біріккен Араб Әмір­ліктерінің (БАӘ) Фуджейро қала­сында өткен Fujairah Оpen тур­нирінде Қазақстанның құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 2 қоланы иеленгені жайында біз бұған дейін баяндағанбыз.

Ересектер өз бәсекелерін аяқтаған бетте жарыс жолына балғын таэквондошылар шықты. Біздің жас өрендеріміздің табысы тіптен қомақты болды. Олар 15 жүлде алып, барша жанкүйердің ыстық ықыласына бө­ленді. Атап айтсақ, Әлібек Нұрғазы (45 кило) мен Арайлым Арапбай (52 кило) алдына жан салмай, алтын тұғырға көтерілді. Әлішер Ақби (59 кило), Әлтайыр Өмірбеков (73 кило), Нұрай Қазыбек (52 кило) және Әлия Қайыркенова (49 кило) күміс медальды мо­йын­дарына ілсе, Данияр Дәулетов (45 кило), Жан­серік Мұқанәлі (48 кило), Сағыныш Берік­затұлы (59 кило), Ерасыл Орынбасар (73 кило), Карина Толоконникова (46 кило), Ару­жан Әбді­қадыр (49 кило), Әлмира Қанат (55 кило), Асылай Айдар (55 кило) және Екате­рина Сватовская (63 кило) қолаға қол созды.