• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Ақпан, 2022

Ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаржы түсті

1250 рет
көрсетілді

Былтыр Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан - Теміртау», «Нұр-Сұлтан - Щучинск», «Алматы - Қапшағай» және «Алматы - Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түсті.

Сонымен қатар елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңге түсті.

Айта кетейік, жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталмақ.