• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 10 Ақпан, 2022

Қазақстан мен Ресей вакциналау сертификаттарын тану тәртібін келісті

133 рет
көрсетілді

Ресей мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрліктері COVID-19-ға қарсы вакциналау сертификаттарын тану тәртібі туралы келісті. Бұл туралы Ресей СІМ ТМД елдері бойынша департаментінің директоры Александр Стерник мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Қолданыстағы саяси шешімнің негізінде Ресей мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрліктері вакциналау сертификаттарын тану тәртібін келісті. Жеке деректерді, медициналық құпияны және т.б. ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық агенттіктер жұмысқа қосылды», деді ол. 

Дипломат 2021 жылдың соңында Қарағандыда ресейлік «Спутник V» вакцинасының өндірісі басталғанын және вакцинаны зерттеудің оң нәтижелері алынғанын атап өтті.