• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Пікір 11 Ақпан, 2022

Үкімет жұмысы ашық, ширақ әрі тиімді болу керек

4137 рет
көрсетілді

Президенттің төрағалық етуімен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкіметтің әлеу­меттік-экономикалық дамуы туралы ес­ептерін тыңдады. 2022 жылға арнал­ған іс-қимыл жоспары ортаға салынды.

Президент осы жиында жерді ұтымды пайдалану, көлік құрастыру, Үкіметтің мемлекеттік бағдарламалары туралы өз ойларын ортаға салды. Аудан әкімдеріне жұмыс орындарын көптеп ашу туралы тапсырма берді.

Сондай-ақ атом электр стансасы, утили­зациялық алым, банктерді сауықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, елдегі жалақы мәселесі, инфляцияны реттеу жөнінде де нақты ұсыныстарды айтып, осы мәселелерді шұғыл шешуге пәрмен берді. Кедейшілік пен шеттен тыс байығандар жөнінде де өз көзқарасын білдірді. «Самұрық-Қазына», «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық қор жөнінде нақты талаптар қойды. Осының бәрі елдегі ең өміршең әрі өзекті мәселелердің Мемлекет басшысы назарында екенін, бақылауда ұстап отырғанын көрсетеді.

Қаңтар оқиғасынан кейін экономикамызды тезірек сауықтыру жөніндегі нақты шараларды белгілеп бергені көңілге қуаныш ұялатты. Сондықтан енді Үкіметтің бұдан арғы жұмысы барынша ашық және ширақ, тиімді болуы керек деп есептеймін.

 

Нұртөре ЖҮСІП,

Сенат депутаты