• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Ақпан, 2022

Бәсекелер Будапештте өтеді

318 рет
көрсетілді

Су спортынан биылғы әлем чемпионаты Мажарстанның бас шаһары – Будапештте өтетін болды. Бұл мәлімет Халықаралық жүзу федерациясының (FINA) ресми сайтында жарияланды.

Аталған жарыс 1973 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Тұсаукесер турнир Югославияның астанасы – Белградта өткен еді. Содан бері әлемдік доданың жалауы 18 мәрте желбіреді. Сол бәсекелердің жалпыкомандалық есебінде 13 рет АҚШ құрамасы алдына жан салмады. Үш мәрте Қытай өрендерінің асығы алшысынан түссе, ГДР мен Аустралияның өрендері бір-бір реттен теңдессіз деп танылды. Соңғы жарыс 2019 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтті. Бұл тартыс Қытай спортшыларының же­ңісімен аяқталды.

Аталған жарыста бәсекелер алты спорт түрі бойынша өтеді. Олар – жүзу, ашық суда жүзу, синхронды жүзу, суға секіру, хай-дайвинг және ватерпол.