• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Ақпан, 2022

Могадишодағы шабуылдан 1 адам қаза тапты

132 рет
көрсетілді

Бейсенбі күні Сомали астанасында болған лаңкестік әрекеттен бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Анадолу агенттігіне Могадишо полиция департаментінің өкілі Абдифатах Хасан айтты. Оның айтуынша, президенттік кешен маңындағы жарылысты жанкешті ұйымдастырған.

«Жанкештінің нысанасы сайлаушылар мінген көліктер болды», деді Хасан. 

Әзірге ешбір топ шабуылды өз мойнына алған жоқ. 

Бір күн бұрын Сомалидегі олардың сайлау учаскелерінің біріне жарылғыш түсіп, салдарынан 4 адам қаза тапқан.