Шығыс Қазақстанда авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 50-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 ақпанда Сұлусары ауылы тұсында вахта жұмысшыларын тасымалдайтын автобус сынып, жолда қалған. Автобус ішінде жұмысшылар болған.
ӨБ-32 қызметкерлері Кунг көлігімен оқиға орнына жетіп, аудандық полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органмен бірлесіп 53 адамды Қалбатау ауылына эвакуациялады және жұмысшылар сол жердегі спорт мектебіне орналастырылды.