Британ патшайымы Елизавета II-нің үлкен ұлы, 73 жастағы ханзада Чарльз COVID-19-бен ауырып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы оның баспасөз қызметі Twitter-де мәлімдеді.
«Бүгін таңертең Уэльс ханзададан COVID-19 анықталды. Қазір ол өзін-өзі оқшаулауда», деп жазылған хабарламада.
Sky News хабарлауынша, патшайым Елизавета II-нің ұлы коронавируспен екінші рет ауырған.