• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2022

Шығыс Қазақстанда карантин шектеулері ұзартылды

233 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 27 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. 

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 18%.

Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,692. Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.