• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Ақпан, 2022

Түрікменстан елді дамыту бағдарламасын талқылап жатыр

470 рет
көрсетілді

Түркіменстанда жұма күні ел парламентінің жоғарғы палатасы жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің жарлығына сәйкес жоғары палатаның кезектен тыс отырысы бейнебайланыс арқылы өтеді. 

Сонымен қатар, кездесу Ахал, Балқан, Дашогуз, Лебап және Мары өңірлерінде де өтеді. 

Парламентшілер жұртшылық өкілдерімен бірге «мемлекеттің алдағы 30 жылдағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени жақсаруының негізгі бағыттарын» қарастырады. 

Президент Бердімұхамедов бұдан бұрын облыс басшыларына Түрікменстанның даму бағдарламасында көрсетілген кейбір нақты міндеттер туралы айтып: «Біз мемлекет тағдыры үшін үлкен жауапкершілікті мойнымызға алып отырмыз» деген.