• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 11 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Қазақстандық биатлоншы жарысты 52-орынмен аяқтады

315 рет
көрсетілді

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы спринт жарысы мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдарламаның бұл түрінде қазақстандық Галина Вишневская-Шепоренко ел намысын қорғады. Өкінішке қарай отандасымыз жалпы есепте жарысқа қатысқан 60 спортшының ішінен 52-ші орынға ие болды.

Аталған сында Бейжің олимпидасының алтын медалін Норвегия спортшысы қанжығасына байлады. Күміс медальге Швеция биатлоншысы қол жеткізсе, үздік үштікті италиялық атлет түйіндеді.

Биатлон. Спринт. 7,5 км. Әйелдер

Марте Олсбу Роизленд (Норвегия) - 20:44,3 (0+0) Эльвира Карин Оеберг (Швеция) +30,9 (0+0) Доротеа Виерер (Италия) +37,2 (0+0) Галина Вишневская-Шепоренко (Қазақстан) +2:38,3 (1+0)