Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмония дертінен мерт болғандардың саны 20 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Келтірілген деректерге зер салсақ, кейінгі тәулікте коронавирустық инфекциядан 17 адам бақилық болса, 3 азамат пневмониядан мерт болған. 12 ақпандағы мәліметтерге сенсек, Қазақстанда I компонентпен 9 289 074 адам вакциналанса, II компонентпен 8 865 941 адам вакцина алған.