• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 12 Ақпан, 2022

Райан Гарсия «Канелоның» бапкерінен кетті

508 рет
көрсетілді

Жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген талантты боксшылардың бірі Райан Гарсия мексикалық бапкер Эдди Рейносоның қызметінен бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz vRINGe.com-ға сілтеме жасап.

Шаршы алаңда 21 жекпе-жек өткізіп, қарсыластарының барлығынан айласын асырған АҚШ боксшысы Эдди Рейносомен жұмысын тоқтатып, жұмысын халықаралық Даңқ бокс залының мүшесі Джо Гуссенмен жалғастырғанды жөн деп тапқан.

Ол өз сөзінде: «Мен Эддимен 2018 жылдан бері бірлесіп жұмыс істедім. Тәжірибелі бапкерден көп дүниені үйренгенім рас. Шаршы алаңдағы еңбектен бөлек біз дос ретінде жақсы қарым-қатынаста болдық. Сондықтан да оған тек қана алғысымды білдіремін. Бапкер ретінде жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектеспін», деді.