Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген АҚШ боксшысы Дэниэл Джейкобс кезекті кездесуін ұлыбританиялық Джон Райдерге қарсы өткізді. Тартысты өткен жекпе-жек жұрт күтпеген нәтижемен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен кездесуде боксшылар 12 раунд бойы алма-кезек шабуылдар ұйымдастырды. Негізі жекпе-жек тең дәрежеде өткендей көрінген. Алайда мұндай шайқастарда төрешілер көбінесе шаршы алаң қожайынына басымдық беретіні мәлім. Бұл жолы да солай болды. Джон Райдер төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.