• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2022

Құтқарушылар адасқан азаматты іздеп тапты

663 рет
көрсетілді

Қостанай облысының құтқарушылары жоғалған шопанды іздеп тапты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Амангелді ауданында құтқарушылар жоғалған шопанды іздеуге шыққан.

«13 ақпан күні сағат 03:10-да Жарықой қыстағында жоғалып кеткен қойшы туралы хабарлама түсті. Бұл күні сағат 10:00-де 24 жастағы жас жігіт жолға шығып, оралмағаны белгілі болған. Сол күні сағат 14:00-де құтқарушылар Жарықой қыстауынан 30 шақырым жерде жоғалып кеткен шопанды тапты. Қатты боран салдарынан жігіт жол таба алмай адасқан», делінген хабарламада.