• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Ақпан, 2022

Балаларды соғысқа тарту тыйылмай тұр

443 рет
көрсетілді

Кейінгі 20 жыл­да әскер жә­не үкіметтік емес қарулы күштер­ден 170 мыңнан астам бала босатылды.

Бұ­ған қол жеткізу барысында Бала­лардың жанжалдарға қатысуына байланысты Баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы көп көмектескен. Дегенмен әлі күнге дейін кәмелеттік жасқа толмағандар мен жас балалар әскерге алынып, барлаушы және сексуалды құл ретінде пайдаланылып келеді. «172 мемлекет ратификациялаған факультативтік хаттама арқылы соғысқа балаларды тартпауға уағдаластық. Аталған елдер 18 жасқа толмағандарды әскери әрекеттерге қатыстырмауға уәде берген», делінген БҰҰ Бас хатшысының Балалар және қарулы қақтығыс жөніндегі арнайы өкілі мен Адам құқықтары жөніндегі комитет мүшелерінің баяндамасында. Алайда балалар әлі күнге дейін соғысқа қатысып келеді. 2005 жылдан бастап балалар құқықтарының бұзылу фактілерінің үштен бірінде олардың әскерге әкетілуі мен жыныстық құлдыққа, жансыз және үй қызметшісі ретінде пайдаланылған. 2005 жылдан бастап соғыс әрекеттеріне 93 мың бала қатысқан.