• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2014

Еліміздің ұстанымы әлемге үлгі болуға тиіс

272 рет
көрсетілді

1991 жылдың 29 тамызы күні жаһандық ядролық әлем тарихындағы жаңа парақша ашылып, ядролық қарудан азат дәуірдің жылнамасы басталды. Бұл адамзат тарихындағы орасан зор маңызға ие оқиғаның бастамашысы Қазақстан болатын. Себебі, Қазақстан әлемдегі жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен саналы түрде және біржақты негізде бас тартқан. 1992 жылы біздің тәуелсіз мемлекет стратегиялық қару-жарақ шартына, яғни Лиссабон хаттамасына қол қойды. Семей сынақ алаңын жабу мен ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту оңайға түскен жоқ. Өйткені, әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, көлемі жағынан дүниежүзінде екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жабу кейбір мемлекеттер тарапынан түсінбеушіліктер туғызды. Елбасының сөзімен айт­қанда, «кейбір «тілектестердің» кеңестерінен және бірінші мұсыл­мандық ядролық держава болудың күмәнді абыройынан батыл түрде бас тартылғандығы белгілі. Семей полигонының жабылуына байланысты ядролық қаруды таратпаудың және қарусызданудың жаһандық үдерісінің жаңа кезеңі басталды. Еліміз бірінші болып ядролық сынақтарға толық жә­не сөзсіз тыйым салу актісін, осы­ған орай «ақырет күнінің» қаруын жетілдіруді тоқтатуды жүзеге асырды. 2011 жылдың 12 қазанында Астанадағы Тәуел­сіздік сарайында Ядролық сы­нақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне арналған шаралар төңірегінде «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қаншалықты зардап шеккендігін, ендігі кезекте әлем халқы ондай алапат зұлымдықты көрмеуін қалайтындығын айта отырып, Қазақстан Жер бетіндегі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің жаршысы әрі жақтаушысы екендігін жеткізді. Форумда сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев: «Ядролық полигонды алғаш жапқан мем­лекеттің Президенті ретінде жеке өз басым үшін ядросыз әлем – абсолютті саяси аксио­ма. Кейде тарихи оқиғалар мен жекелеген адам басындағы оқиғалар қайшыласатын сәттер болады. Мен үшін және менің халқым үшін Тәуелсіздігімізге қол жет­кізіп, ядролық полигонды жапқан 1991 жыл сондай жыл болды. Тарихтың сабақтары олар болашаққа бағдарланғанда ғана қандай да бір мазмұн иеленеді. Сондықтан өткенді еске ала отырып, біз болашақтағы іс-әрекеттеріміз туралы, балаларымыз бен немерелеріміз үшін ХХІ ғасырдағы ядролық қауіпсіздік туралы ой­лауға тиіс­піз», – деді. «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жол­дауында: «Ядролық қаруды та­ра­тпау режімін нығайту жө­ніндегі бастамаларымыз – әлем­дік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үле­сіміз. Бұдан үш жыл бұ­рын БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысымды қолдады. Осының барлығы – жаһандық саясаттағы біздің рөлі­мізді тану», деді Елбасы. ХХІ ғасыр – жаһандану дә­уірінде ядролық қарудан бас тарту мәселесі ең ауқымды әрі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Егер әлемдік қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі мүмкін. Сол себепті де Қазақстан Республикасы мен оның Елбасы ұсынып отырған ядролық қарусыз әлем – адамзат ұмтылуға тиіс ортақ мақсат. Уәлихан ИБРАЕВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих, құқық және экономика институты директорының орынбасары. __________________________________ Осыдан ширек ғасыр бұрын