• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Ақпан, 2022

37 адам қар құрсауынан құтқарылды

466 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында дауылды ескертулер жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, елімізде қар құрсауында қалған 37 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. 10  автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

Мәселен, 13 ақпанда сағат 8.22-де Қостанай облысының Арқалық қаласынан 20 шақырым жерде «Арқалық-Амангелді» автожолында құтқарушылар қар құрсауында қалған 3 жеңіл автокөліктен 17 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Жолаушылар Арқалық қаласына жеткізілді. Олардың жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Авариялық-құтқару операциясына Қостанай облысы ТЖД 3 құтқарушысы мен 1 техника жұмылдырылды.

Сағат 8.38-де Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында «Ақтоғай-Балқаш» автожолында Ақтоғай ауылынан 30 шақырым жерде құтқарушылар жолдан шығып кеткен 2 жеңіл автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Автокөлік салонында 4 жолаушы болған. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Қарағанды облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен 2 техника жұмылдырылды.

Сағат 14.28-де Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы Алаш тасжолында автокөлік қар құрсауында қалды. Тез арада оқиға орнына Трэкол көлігімен барған құтқарушылар көлік иесін құтқарды. Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 2 құтқарушысы мен 1  техника жұмылдырылды.

Кешке сағат 19.00-де Арқалық қаласында «Арқалық-Торғай» автожолында құтқарушылар қар құрсауында қалған 4 жеңіл көліктен 15  адамды құтқарды. Құтқарылғандар Арқалық қаласына жеткізілді. Олардың жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Авариялық-құтқару операциясына Қостанай облысы ТЖД 3 құтқарушысы мен 1 техника жұмылдырылды.