• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 14 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Француздар екінші әлемдік рекорд орнатты

259 рет
көрсетілді

14 ақпанда Франция өкілдері Гийом Сизерон мен Габриэлла Пападакис мұз билерінде алтын медаль жеңіп, кезекті әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төрешілер мәнерлеп сырғанаушылардың чемпиондық нәтижесін 226,98 баллмен бағалады.

Бұрынғы рекорд та оларға тиесілі. Гийом Сизерон мен Габриэла Пападакис 226,61 баллды екі жыл бұрын орнатқан. Француздардан кейінгі орында 220,51 балл жинаған Ресей өкілдері Виктория Синицина мен Никита Кацалапов орналасты. Ал қола жүлдені 218,02 баллдық көрсеткішімен американдықтар Мэдисон Хаббелл мен Закари Донохью алады.

Айта кетсек, бұл Габриэла мен Гийомның 2022 жылғы Олимпиададағы екінші алтыны. Бұған дейін олар ырғақ биінде 90,83 ұпай жинап, үздік атанды.