• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Ақпан, 2022

Тәжікстанда сабақ кезінде мектептің төбесі опырылып түсті

836 рет
көрсетілді

Оқиға 11 ақпан күні түс ауа Хатлон облысы Абдурахмони Джоми ауданындағы Вахдат ауылындағы №31 мектепте оқу процесі кезінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шатырдың бір бөлігі опырылып, ғимараттың қабырғалары қирай бастады», деп жазылған Asia-Plus таратқан хабарламада. 

«Жұма күні сағат бестер шамасында 7 сынып оқушылары сыныптағы қабырғадан сылақтың қалай құлай бастағанын байқап, бұл туралы мұғаліміне хабарлады. Бірден балаларды ғимараттан шығара бастадық. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ»,  дейді мектеп директоры Мұстафо Балажанов. 

Оның айтуынша, директор кабинеті, бір сынып және мұғалімдер бөлмесі қирап қалған. 

Бұл мектеп ғимараты 1957 жылы пайдалануға берілген. 

Ғимараттың қирандыларын шығаруды қадағалаған Джоми ауданының білім бөлімінің басшысы Хасан Табаров ғимараттың шынымен апатты жағдайда екенін, оны бұзатындарын айтты. 

Алайда мектеп директоры да, аудан басшысы да балалардың апатты ғимаратта неліктен оқуын жалғастырғанын түсіндірмеді.