• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Ақпан, 2022

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады

208 рет
көрсетілді

Елорда мен Қазақстанның он облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

15 ақпанда Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді,

15 ақпанда Ақмола облысының шығыс жартысында қатты қар жауады. Облыстың көп бөлігінде боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында - тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығыс жартысында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді,

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел түнде солтүстікте, орталықта 15-20 м/с, 15 ақпанда түнде басым бөлігінде, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

Ал Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.

15 ақпанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда 15 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан түнде және таңертең таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Түркістанда 15 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.

Ертең Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында боран соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында - тұман, көктайғақ, жолдарда - қар көшкіні болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

15 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты қар жауады. Көбіне боран күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, облыстың батысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Павлодар облысының солтүстігінде түнде қатты қар жауады, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.