Сенегалдық жартылай қорғаушы Абдуллай Диакате Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубынан кетіп, түркістандық «Тұран» командасымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы түркістандық команданың баспасөз қызметі ақпарат таратты. 34 жасар футболшы «Тұран» футбол клубының жейдесін кигенге дейін Қазақстанда «Тараз», «Атырау», «Ордабасы» командаларында ойнаған еді. Сондай-ақ ол Түркияның бірнеше командасында доп тепкен.