• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2022

Боксшылардың бағалы сыйлығы

168 рет
көрсетілді

Таяуда облыс орталығындағы Қажымұқан атындағы №3 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшылары қарттарға кітап сыйлады.

Бұл қарттар Көкшетау қаласындағы пансионатта тұрып жатыр. Кейбіреуіне денсаулығына байланысты қарға адым жердің өзі мұң. Оның үстіне қызыл аймақтағы өңірді жаман тұмау буып тұр.  Жалғызбасты жандардың жан серігі – ой. Ендігі жерде көңілі қалаған кітаппен сырласудың реті келіп-ақ қалды. Бұрын да қариялар әдеби кітапты көп оқитын. Жанға дауа іздейтін, сырласатын. Арагідік өздері тәрізді қамкөңілді кейіпкерлер де кездесіп қалады. Ұқсас тағдырлардың өрістеуі шығармада жақсы аяқталса, көңілдерін демдейді. Әншейін ермек емес, көл-көсір рухани байлық.

– Біз сыйлаған кітаптардың арасында оқырмандар тарапынан сұранысқа ие әдеби туындылар бар. Сондай-ақ тарихи тақырыптағы романдар да, жыр жинақтары да үлкендерге қажет болып қалуы әбден мүмкін, – дейді мектеп директоры, белгілі боксшы Руслан Мусинов.

Жылы жүзді жүздесу барысында пансионат директоры Елена Кременецкая спортшыларға ақ алғысын білдірді. Үлкеннің алғысын алғанға не жетсін, шіркін?!

 

Көкшетау