• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2022

Павлодарда 80 жүк көлігі жолда қалды

1112 рет
көрсетілді

Павлодар облысына қарасты Шідерті кенті аумағында 80 жүк көлігі тұрып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлік ТЖД 2022 жылғы 15 ақпан сағат 11.00-дегі  жедел ақпаратты ұсынды.

– Шідерті кенті аумағында Қарағанды облысы бағыты бойынша 80 бірлік жүк көлігі жиналып қалған. Шідерті кентінде 2 жылыту пункті ашылды, тамақтану ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласы арқылы айналмалы жолмен шығудан бас тартты, – деп жазылған хабарламада.

14 ақпан күні Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі республикалық маңызы бар Қызылорда - Павлодар автожолының учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды (1135-1206 км).15 ақпанда сағат 5:25-тен бастап Қарағанды облысында республикалық маңызы бар Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновский (138-231 км) автожолының Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.