Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ІІМ-мен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан тұратын «Қазақстандықтар» Ұйымдасқан қылмыстық тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді, деп жазады Egemen.kz Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық топтың ұсталған 6 мүшесінің Алматы өңірі аумағындағы бірқатар қылмыстарға (қорқытып алу, қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы) қатысы бары анықталып отыр.
Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерлерін тінту барысында 4 бірлік атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, 7 граната, арнайы құралдар, сондай-ақ қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі мародерлікке қатысқандарын растайтын заттар радиостанциялар, «ПР» дубинкалары, броньды кеудеше тәркіленді.
Ұсталғандар ҚАЖД 8-ТИ және ҰҚК Алматы қ. бойынша департаментінің тергеу изоляторларына қамалды. ҚР ҚК 287-бабының 3 және 4-бөліктері Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Тергеу-жедел іс-шаралары кешенінің нәтижесінде топ мүшелері ҰҚТ мүшелеріне тиесілі қаруы бар «көмбелерді» көрсетуге ойысты.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында екі «көмбе» анықталып, олардан 44 бірлік атыс қаруы және 3 бірлік суық қару, сондай-ақ 20 бірлік оқ-дәрілер алынды.
Алынған қару-жарақты, сондай-ақ оларды қаңтар оқиғаларында қолдануды сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.