• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Пікір 16 Ақпан, 2022

Бұл – заман талабы

1268 рет
көрсетілді

Еліміз, халқымыз үлкен өзгерістер мен жаңа бетбұрыстарға толы, елеулі кезеңді бастап өткізіп жатыр. Осы кезеңнің басшысы да, бастамашысы да Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Қайта оралмайтын уақыт секілді тарих та тоқтамайды. Бүгінгі серпіліс жасар жауапты кезеңде бізге басшылық ету Қасым-Жомарт Кемелұлына жүк­теліп отыр.

Біраз жылдан бері жұмыс бабын­да, адамдық қарым-қатынаста бол­ған азаматтың бірі ретінде Президенттің  ұстам­ды мінезі, әр сөзіне, өзіне үлкен жауап­кершілікпен қарайтыны, біз таныс­қа­лы өткен бес лауазымында еш өзгер­мегені ерекше қасиеттер дер едім.

Сондықтан Президентіміздің берген уәделері, бағыт-бағдарламалары, бастамалары жаңағыдай қасиеттер мен дүниежүзілік саясат басында болған тәжірибелерінен, еліміздегі осы кезеңдегі қажеттіліктен туындаған деп ойлаймын.

Отыз жылда қол жеткізген жетістік­терімізді електен өткізіп, кемшілік­тері­мізді тоқтатып, қайталамауға шақы­рып, жаңа кезеңге жол бастаған Пре­зи­дентімізге қолдау көрсетіп, өзі­мізге де жауапкершілікпен қарап, бой түзейтін күндерде өмір сүріп жатырмыз.

Ел ардагерлері халқымыздың, әсіресе жастардың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарды, елге, жерге деген сүйіспеншілікті қас­тер­леп, білімді, тәрбиелі, еңбекқор бо­лып қа­лыптасуына жүйелі ықпал етуде.

Әлемдік жаһандану дәуірінде, керекті бағыттарды игерумен қатар, тіліміз бен дінімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, тарихымызды, ұлттық әдет-ғұрпымызды сақтау үлкен сын.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында 2020 жылдың мамыр айында шыққан «Ардагерлер туралы» Заң үшін ел ардагерлері риза. Сонан бері де екі заңда өзгерістер мен толықтыруларда ардагерлер үшін қосымша баптар қарастырылып, бір заң күшіне енді.

Соңғы жылдары ардагерлер «Дәнекер» қанатқақты жобасын жүзеге асырып, әр аймақта жүздеген даулы мәселені сотқа жеткізбей бітім­гершілікпен келісімге келтіруде. Бұл жұмыс бір жағынан, сот жүйесінің жұ­мысын жеңілдетсе, екіншіден, адам­дар арасындағы қарым-қатынасты оңалтуға септігін тигізуде.

Бұл мәселені және Ардагерлер ұйым­дары жасап жатқан басқа да жұ­мыстарды Қасым-Жомарт Кемел­ұлы­ның қабылдауында болғанымда баяндап, Президентіміздің қолдауын алдық.

Ардагерлер қазіргі жаңа бағытта жасалып жатқан жұмыстарға үлкен сеніммен қарап, өз тараптарынан қызмет етуде.

Елу жылдан астам уақыт елде, біраз жыл шетелде өндірісте, ғылыми ортада, Үкіметте, атқарушы, заң шығару­шы орындарда қызмет атқарып, бір бөлек өмір көрген азамат ретінде айтарым, біз болашақты тек өзіміз ғана жасаймыз.

Олай болса, іштен, сырттан өз жағдайларына риза болмай, өз ісіне, өз басына жауап берудің орнына жау іздеп, сұрқия ниетіне бет бұрып, халық арасына іріткі салып, ел тыныштығын бұзуға шақырғандардан сақтана білуіміз керек. Оны кешегі қаңтар оқиғасы айқын көрсетті. Көптеген кемшілігіміздің де беті ашылды. Ащы да болса сабақ ал­ғаны­­мызды мойындауымыз керек.

Сондықтан «қалай екенін білмей­мін, бірақ олай емес» деген пікірден босап, әр қазақстандық өз пікірін ойланып, ортаға салып, бізге тарих пен тағдырдың нәсіп еткен кезеңінде басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа бастамаларына терең түсінікпен қарап, өз үлесімізді қосуымыз керек. Бұл – заман талабы.

 

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері,

Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы