• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Экология 16 Ақпан, 2022

Ледебур бадамы «Қызыл кітапқа» енген өсімдік

611 рет
көрсетілді

Көктемде Тарбағатай тауының бөктерінде қызғылт гүлдері бар бұта енді ғана көгеріп келе жатқан аймаққа керемет көрініс береді. Бұл – Ледебур бадамы. Ледебур бадамы (Amygdalus ledebouriana) раушангүлділер тұқымдасына жататын, ерте гүлдейтін өсімдік.

Биіктігі 2 метрге жететін тар­мақ­­­тал­ған жапырақты бұта. Жапы­рақ­тары кезектесіп орналасқан, қара­пайым, сызықты-ланцетті немесе кең эллипс тәрізді, қою жасыл түсті. Гүлдері үлкен ашық қызғылт түсті, хош иісті, жапырақтардың ашылуы мен гүлдеуі бір мезгілде. Жемісі құр­ғақ, сүйекті, сырты киізделген түк­ті болады. Ледебур бадамы Қазақ­стан Республикасының «Қызыл кіта­бы­ның» тізіміне енген өсімдік.

Ледебур бадамы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аума­ғында далалы және бұталы бел­деулерде кең таралып, тоғайлар қауымдастығын құрайды. Бұл тоғай­лар әртүрлі: тобылғы-бадамды, қа­раған-бадамды, майқараған-бадам­ды, бадамды формациялармен орна­лас­қан.

Химиялық құрамы бойынша жемістері 65,97% қабықтан және 34,04% өзектен тұрады. Құрамында бензальдегидке, циан қышқылына және глюкозаға ыдырайтын амигдалин глюкозиді бар. Тұқымның құрамында медицинада және тағам ретінде қолданылатын хош иісті бадам майы бар. Бадамының ерте көктемгі гүлдеуі өздеріне балшырын жинайтын араларды тартады.

Осы әсем табиғаттың туындысын болашақ ұрпаққа сақтап қалу –барлығымыздың міндетіміз!

 

Баян САДАҚОВА,

«Тарбағатай» МҰТП РММ-нің аға ғылыми қызметкері

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы