• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Ақпан, 2022

Дархан Қыдырәлі Қырғыз Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі атанды

1105 рет
көрсетілді

Түркі академиясының президенті, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма Төрағасы Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше, 15 ақпанда өткен Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Жалпы жиналысының жылдық сессиясында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге «Құрметті академик» атағы берілді.