• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 16 Ақпан, 2022

Айгүл Шайымова жаңа қызметке тағайындалды

918 рет
көрсетілді

Айгүл Шайымова ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Айгүл Амантайқызы Шайымова 1979 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

* Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті.  (1999)

* Қаржы полициясы академиясы (2004)

Еңбек өтілі:

* ҚР Қаржы полициясы агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық байланыстар басқармасының аса маңызды істер жөніндегі кіші инспекторы, инспекторы, аға инспекторы (2000-2002);

* ҚР Қаржы полициясы агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бастығы (2002-2004);

* ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары (2004-2005);

* ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары (2005-2011);

* ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі (2011-2012);

* ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі-ҚР Бас Прокуроры Аппаратының Ақпараттық-талдау басқармасы Стратегиялық талдау орталығының басшысы (2012-2013);

* ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы меңгерушісінің орынбасары (2013-2014);

* ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы (15.10.2014-11.01.2016);

* ҚР Мемлекеттік қызмет істері Вице-министрі (11.01.2016-09.2016);

* Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (09.2016-07.2019);

* Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі (07.2019-01.2022)