• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Ақпан, 2022

Президент Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босатуды ұсынды

494 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты Жаңылсын Арқарованы Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мәселені талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаттың ақпараттық ресурсында мәлімделгендей, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар Мемлекет басшысының Жоғарғы сот судьясын қызметінен босату жөніндегі ұсынысын талқылады.

«Сенат комитеті Жоғарғы соттың судьясы Арқарова Жаңылсын Баянқызын орнынан түсуіне байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынымын қарай келіп, Парламент Сенатына оны қызметінен босатуды ұсынған қорытынды шығарды», делінген хабарлама мәтінінде.

Жаңылсын Арқарова бұл қызметті 2012 жылдың маусымынан бастап атқарып келді.