• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Ақпан, 2022

Алматы облысы мен ШҚО «жасыл» аймаққа шықты

173 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.