Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың батысы, солтүстігі, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандар арқылы атмосфералық фронттар қар мен жаяу бұрқасын әкелуі мүмкін. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Түнде оңтүстік-батыста, батыста, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, таңертең және күндіз солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында жел15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, таулы асуларда – желдің күшеюі 15-20 м/с күшейеді. Түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстаудың солтүстігінде, Қызылорда, Ақтөбе облысының батысында, Қостанай обдысының оңтүстігінде, түнде Қарағанды облысының батысында, шығысында тұман болады.