Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізіміне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша, Қазақстандағы мерекелік күндер тізімінде 18 қараша - Ұлы қоныс аудару күні пайда болды.
Түсіндірілгендей, бұл толықтыру 2021 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмалары шеңберінде енгізіледі.
Құжат жобасы 3 наурызға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.