• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Ақпан, 2022

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

180 рет
көрсетілді

Қазгидромет 18 ақпанға арнаған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттар қар, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын мен көктайғақ құбылыстарының болуына әсерін тигізеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстік-батысында тұман болжанады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында тұман түседі. Таңертең және күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі, күндіз орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.