ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов хабарлады.
Nur Otan партиясының төрағасы Қ.К. Тоқаев кезектен тыс XXII Съезді 1 наурызға шақыру туралы шешім қабылдады.
Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.
Съезд барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту жөніндегі басымдықтар талқыланатын болады.