Қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы - Өскемен тасжолының бойында жасырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оны жергілікті қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері анықтады. Қоймадан «Марлин» және Tikka мылтықтары табылған.
Тексере келе, атыс қарулары Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланғаны белгілі болды. Екі карабин де баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу аяқталғаннан кейін қару заңды иесіне қайтарылады.
2022 жылдың басынан бері Алматы облысында 200-ге жуық атыс қаруы тәркіленген.