Уақытында бірінші ауыр салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына қол жеткізген ресейлік кәсіпқой боксшы Денис Лебедев кәсіби мансабын қайтадан бастамақ, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы «РЕН ТВ» телеарнасының бас директоры Владимир Тюлин ақпарат таратты.
«Біздің білуімізше Денис Лебедев жаттығуға кірісті. Ол кәсіби мансабын қайта жандандыруға шынымен ниеттеніп отыр. Шаршы алаңда жұдырықтасуға келісімін берді», деді ол. Деректерге сенсек, ресейлік ардагер боксшы панамалық Гильермо Джонспен кездесуі мүмкін көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, Денис Лебедев 2019 жылы кәсіби мансабын аяқтаған болатын. Уақытында ол IBF және WBA тұжырымдары бойынша бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы атанған.