• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2022

Павлодарда заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды

292 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Екібастұз ГРЭС-1 аумағында орналасқан майнингтік дата-орталықтардың үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында электр энергиясын заңсыз тұтыну мен сатуды ұйымдастырғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл ретте электр энергиясы жеке ЖШС-дан екі кәсіпорынның атына түсіп отырған. Сонымен қатар, ЖШС-ның электр энергиясын беруге лицензиясы болмаған. Өйткені, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы« Заңға сәйкес энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілердің Табиғи монополияларды реттеу комитетінен лицензиясы ие болуы тиіс», деп жазылған хабарламада.

Алдын ала жасалған акт-қорытындыға сәйкес белгіленген табыс сомасы 805 миллион теңге. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.