• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Ақпан, 2022

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры қамауға алынды

367 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі агенттігі Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға және Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша басқа тұлғаларға қатысты Атырау МӨЗ-нің қажеттіліктері үшін жабдықтар сатып алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр», делінген хабарламада.

Агенттік тергеу жалғасып жатқанын, ал тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.