• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Ақпан, 2022

Әр азамат үшін әділ және тең мүмкіндіктер болуға тиіс

815 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына өте дұрыс уақытта сұхбат берді. Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін пайда болған көптеген сұраққа жауап берді. Қазір көп нәрсе түсінікті болды.

Президент, менің ойымша, болған оқиғалардан толық қорытынды жасап, маңызды мәселелерді қозғады.

Менің ойымша, бұл ашық әңгіме – халыққа бұдан да ма­ңызды мәлімдемелердің басы.

Ең алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» телеар­насының журналисімен сұхба­тындағы үш негізгі тақырыпты атап өткім келеді.

Президент Қазақстан ҰҚШҰ-ның бізге көрсеткен кө­мегі үшін ешкімге және еш­нәр­сеге міндетті емес екенін ерек­ше атап өтті. Барлығы ортақ мүд­­де үшін жасалды.

Мен өзім жақында ғана ҚСЗИ директоры болып таға­йын­­далдым. Бұған дейін 4 жыл Ресей Федерациясында дип­­ломат болып қызмет еттім. Сон­дық­тан біздің елдері­міз ара­сындағы әуелден келе жатқан бейбіт қарым-қатынастар туралы жақсы білемін. 

Осы сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаев біздің елдері­міз арасында ешқашан түсініс­пеушілік болмағанын және болмайтынын айтты. Біз барлық деңгейде бауырлас халықпыз деп айта аламыз. Мен мұны өзім де растаймын. Бұл бос сөз­дер емес. Бұл – шындық. Жалпы, шекара шегенделген, делими­­тацияланған, демаркация­ланған.

Мемлекет басшысы атап өт­кен­дей, бізде Ресеймен еш­қан­дай шекара, жер мәселе­лері мен проблема жоқ. Бізде болашаққа қатысты үлкен жоспарлар бар.

Президенттің маған ұнаған тағы бір ойы – біз қаңтардағы оқиғалардан маңызды сабақ алуы­мыз керек. Қазір тергеу жү­ріп жатыр, мамандар, бедел­ді заң­герлер жұмыс істеп жатыр.

Менің ойымша, қазір асығыс қорытынды жасауға, сонымен қатар жалған ақпарат тарату­ға, адамдарды қызықтыруға бол­май­ды. Президент Қ.Тоқаев­ қоғамның жоғары сені­­міне ие және ол жасанды емес, сондықтан теріс пиғыл­дылар­дың ойы іске аспайды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі қаңтар айындағы оқи­ға­лар жөніндегі тергеуде еш­кім­ге өз бетінше әрекет етуге жол бе­ріл­­мейтінін атап өтті. Ше­шім­дер қабылдау кезінде ашық­тық, ай­қын­­дық және әділдік болуға тиіс.

Үшінші маңызды мәселе – Жаңа Қазақстанның келбеті тура­лы айтылды. Президент бізде бірте-бірте күрделі реформалар болатынын нақты айтты. Ел алдында үлкен міндеттер тұр. Қазақстан – біздің Отанымыз. Бізде басқа Отан жоқ, біз оның іргесін бірге қалаймыз.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Жаңа Қазақстан – экономикасы дамыған, құқықтық тұрғыда әділ және күшті мемлекет. Онда әр азамат үшін әділ және тең мүмкіндіктер болады.

 

Еркін ТҰҚЫМОВ,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты